Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 115,0% орындалып, бюджетке 57 млрд 180 млн.тг артық түсті (жоспар 380 млрд. 329 млн.тг, нақты өндірілгені 437 млрд. 509 млн.тг).
Түсімдердің өсу қарқыны 131,35% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 104 млрд 335 млн.тг түсім артты (2024ж – 333 млрд. 174 млн.тг).
Республикалық бюджетке жоспары 257 млрд. 757 млн.тг., нақты 304 млрд. 419 млн.тг. өндіріліп, 118,1% орындалды немесе бюджетке 46 млрд. 662 млн.тг өндірілді.
Түсімдердің өсу қарқыны 138,8% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 85 млрд. 137 млн.тг артық (2024ж – 219 млрд. 282 млн.тг).
Жергілікті бюджетке жоспары 122 млрд. 572 млн.тг болса нақты түскені 133 млрд. 90 млн.тг немесе жоспар 108,6% орындалып бюджетке 10 млрд. 519 млн.тг артық түсті.
Түсімдердің өсу қарқыны 116,9% құрап, өткен жылдан 19 млрд. 198 млн.тг артық түсті (2024ж. – 113 млрд. 892 млн.тг).