Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 115.8% орындалып, бюджетке 41 млрд 418 млн.тг артық түсті (жоспар 262 млрд. 331 млн.тг, нақты өндірілгені 303 млрд. 749 млн.тг).
Түсімдердің өсу қарқыны 138,8% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 84 млрд 863 млн.тг түсім артты (01.10.2024ж – 218 млрд. 886 млн.тг).
Республикалық бюджетке жоспары 173 млрд. 791 млн.тг., нақты 204 млрд. 635 млн.тг. өндіріліп, 117.7% орындалды немесе бюджетке 30 млрд. 844 млн.тг өндірілді.
Түсімдердің өсу қарқыны 149,8% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 68 млрд. 023 млн.тг артық (01.10.2024ж – 136 млрд. 612 млн.тг).
Жергілікті бюджетке жоспары 88 млрд. 540 млн.тг болса нақты түскені 99 млрд. 114 млн.тг немесе жоспар 111,9% орындалып бюджетке 10 млрд. 574 млн.тг артық түсті.
Түсімдердің өсу қарқыны 120,5% құрап, өткен жылдан 16 млрд. 841 млн.тг артық түсті (01.10.2024ж. – 82 млрд. 274 млн.тг).