Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджеттің 01.09.2025 ж. жағдайына орындалуы

Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 115,2% орындалып, бюджетке 36 млрд 627 млн.тг артық түсті (жоспар 241 млрд. 599 млн.тг, нақты өндірілгені 278 млрд. 226 млн.тг).

Түсімдердің өсу қарқыны 138,7% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 77 млрд 677 млн.тг түсім артты (01.09.2024ж – 200 млрд. 549 млн.тг).

Республикалық бюджетке  жоспары 162 млрд. 777 млн.тг., нақты 188 млрд. 967 млн.тг. өндіріліп, 116,1% орындалды немесе бюджетке 26 млрд. 190 млн.тг өндірілді.

           Түсімдердің өсу қарқыны 150,0% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 63 млрд. 10 млн.тг  артық (01.09.2024ж – 125 млрд. 956 млн.тг).

Жергілікті бюджетке жоспары 78 млрд. 822 млн.тг болса нақты түскені 89 млрд. 259 млн.тг немесе жоспар 113,2% орындалып бюджетке 10 млрд. 437 млн.тг  артық  түсті.

           Түсімдердің өсу қарқыны 119,7% құрап, өткен жылдан 14 млрд. 667 млн.тг артық түсті (01.09.2024ж. – 74 млрд. 593 млн.тг).

Дата публикации
10 сентября 2025