Акцизделетін тауарлардың тізбесі

🔷 Мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:

1) спирттің барлық түрлері;

2) алкоголь өнімі;

3) темекі бұйымдары;

4) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануғаарналған құрамында никотині бар сұйықтық;

5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспалары, экологиялық отын;

6) шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда,
қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан да көп адамтасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;

- қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауғаарналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы
мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруадаптері бар автомобильдерден басқа);

- қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналғанплатформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi
кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайымүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

7) шикі мұнай, газ конденсаты;

8)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген,құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім.

Дата публикации
07 августа 2025