Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 121,7% орындалып, бюджетке 38 млрд 612 млн.тг артық түсті (жоспар 178 млрд. 219 млн.тг, нақты өндірілгені 216 млрд. 832 млн.тг).
Түсімдердің өсу қарқыны 150,4% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 72 млрд 668 млн.тг түсім артты (01.07.2024ж – 144 млрд. 163 млн.тг).
Республикалық бюджетке жоспары 119 млрд. 490 млн.тг., нақты 150 млрд. 78 млн.тг. өндіріліп, 125,6% орындалды немесе бюджетке 30 млрд. 587 млн.тг өндірілді.
Түсімдердің өсу қарқыны 169,1% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 61 млрд. 328 млн.тг артық (01.07.2024ж – 88 млрд. 749 млн.тг).
Жергілікті бюджетке жоспары 58 млрд. 729 млн.тг болса нақты түскені 66 млрд. 754 млн.тг немесе жоспар 113,7% орындалып бюджетке 8 млрд. 25 млн.тг артық түсті.
Түсімдердің өсу қарқыны 120,5% құрап, өткен жылдан 11 млрд. 340 млн.тг артық түсті (01.07.2024ж. – 55 млрд. 414 млн.тг).