Кедендік әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер
- 2021 жылдың 9 айында кедендік транзит рәсімін қолданумен, Қызылорда облысының аумағына -2 088 транзит декларациялары бойынша тауарлар әкелінді.
Оның 271 халықаралық жол тасымалдау құжатымен (ХЖТ кітапшасы бойынша) жеткізілген.
- 2021 жылдың 9 айында Департаменттің кеден бекеттерімен ресімделген барлық 3230 тауарларға арналған декларациялардың 2086 рұқсат беру құжаттарын ұсынумен жүзеге асырылған.
Рұқсат беру құжаттарының негізін, сәйкестік, фитосанитарлық, ветеринарлық сертификаттары және карантиндік тексеру актісі құрайды.
- Рұқсат беру құжаттарының (Сәйкестік сертификатын) ұсынылмау себебі бойынша а.ж 9 айында, шартты түрде шығарылған тауарлардың жалпы саны 133 тауарларға арналған декларацияларды құраса, 1 қазанға бақылауда - 17 декларация тұр.
-СЭҚ қатысушылармен Қызылорда облысының аумағына әкелінетін тауарларға, кедендік бақылау жүргізілуімен уақытша сақтау орындарына орналастыру бағытында 4 уақытша сақтау қоймалары қызмет көрсетеді.
Тауарларды кедендік ресімдеулерден өткізу бағытында 12 кеден өкілдері СЭҚ қатысушыларға қызмет көрсетеді.
Оның, 1598 декларациясы алдын ала декларациялау амалымен ресімделіп, әкелінген тауарлардың алдын ала декларациялау үлесі – 73% құрап отыр.