Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджеттің 01.06.2025 ж. жағдайына орындалуы

Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 122,0% орындалып, бюджетке 33 млрд 921 млн.тг артық түсті (жоспар 153 млрд. 923 млн.тг, нақты өндірілгені 187 млрд. 844 млн.тг).

Түсімдердің өсу қарқыны 146,3% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд 459 млн.тг түсім артты (01.06.2024ж – 128 млрд. 385 млн.тг).

Республикалық бюджетке  жоспары 109 млрд. 270 млн.тг., нақты 131 млрд. 349 млн.тг. өндіріліп, 120,2% орындалды немесе бюджетке 22 млрд. 78 млн.тг өндірілді.

           Түсімдердің өсу қарқыны 162,6% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 50 млрд. 573 млн.тг  артық (01.06.2024ж – 80 млрд. 776 млн.тг).

Жергілікті бюджетке жоспары 44 млрд. 652 млн.тг болса нақты түскені 56 млрд. 495 млн.тг немесе жоспар 126,5% орындалып бюджетке 11 млрд. 843 млн.тг  артық  түсті.

           Түсімдердің өсу қарқыны 118,7% құрап, өткен жылдан 8 млрд. 886 млн.тг артық түсті (01.06.2024ж. – 47 млрд. 609 млн.тг).

Дата публикации
09 июня 2025