Халықаралық пошта жөнелтілімімен жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормасына қатысты

2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының Шешімімен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар нормаларының (200 еуро және 31 кг құрайтын болады) төмендеуі көзделгенін еске саламыз.

Бұл ретте, бір жеке тұлғаның мекенжайына тауарлардың өткізу жиілігі (күнтізбелік 1 айдың ішінде) есепке алынбайды.

Сонымен қатар, Шешіммен жоғарыда көрсетілген нормаларынан асқан жағдайда төлеу керек кедендік баждардың, салықтардың ставкалары төмендеуі көзделген. Шешімінің 2-қосымшасына сәйкес, ставкалар құндық немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде салмағына 1 килограмм үшін 2 еуродан кем емес, ал құнына 15 пайызды  құрайтын болады.

Жоғарыда көрсетілген нормалар, тек жеке пайдалануға арналған тауарларға ғана қолданылатындығын назарға алу керек.

Халықаралық пошта жөнелтілімімен жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормасына қатысты
Дата публикации
04 ноября 2020