Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 143,6% орындалып, бюджетке 49 млрд 886 млн.тг артық түсті (жоспар 114 млрд. 437 млн.тг, нақты өндірілгені 164 млрд. 323 млн.тг).
Түсімдердің өсу қарқыны 178,1% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 72 млрд 81 млн.тг түсім артты (01.05.2024ж – 92 млрд. 242 млн.тг).
Республикалық бюджетке жоспары 77 млрд. 787 млн.тг., нақты 119 млрд. 427 млн.тг. өндіріліп, 153,5% орындалды немесе бюджетке 41 млрд. 640 млн.тг өндірілді.
Түсімдердің өсу қарқыны 218,0% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 64 млрд. 643 млн.тг артық (01.05.2024ж – 54 млрд. 784 млн.тг).
Жергілікті бюджетке жоспары 36 млрд. 650 млн.тг болса нақты түскені 44 млрд. 896 млн.тг немесе жоспар 122,5% орындалып бюджетке 8 млрд. 246 млн.тг артық түсті.
Түсімдердің өсу қарқыны 119,9% құрап, өткен жылдан 7 млрд. 438 млн.тг артық түсті (01.05.2024ж. – 37 млрд. 458 млн.тг).