2025 жылдың 3 айында кедендік транзит рәсімін қолданумен, Қызылорда облысының аумағына - 899 транзит декларациялары бойынша тауарлар әкелінді.
Оның 61 халықаралық жол тасымалдау құжатымен (ХЖТ кітапшасы бойынша) жеткізілген.- 2025 жылдың 3 айында Департаменттің кеден бекеттерімен ресімделген барлық 1347 тауарларға арналған декларациялардың 836 рұқсат беру құжаттарын ұсынумен жүзеге асырылған.
Рұқсат беру құжаттарының негізін, Сәйкестік, фитосанитарлық, ветеринарлық сертификаттары және карантиндік тексеру актісі құрайды.
- Рұқсат беру құжаттарының (Сәйкестік сертификатын) ұсынылмау себебі бойынша 2025 жылдың 3 айында, шартты түрде шығарылған тауарлардың жалпы саны 90 тауарларға арналған декларацияларды құраса, 1 сәуірге бақылауда - 40 декларация тұр.
-СЭҚ қатысушылармен Қызылорда облысының аумағына әкелінетін тауарларға, кедендік бақылау жүргізілуімен уақытша сақтау орындарына орналастыру бағытында 4 уақытша сақтау қоймалары қызмет көрсетеді.
Тауарларды кедендік ресімдеулерден өткізу бағытында 12 кеден өкілдері СЭҚ қатысушыларға қызмет көрсетеді.
2025 жылдың 3 айында Департаменттің кеден бекеттерімен барлығы 1347 тауарларға арналған декларациясы ресімделген болса, оның -757 импорт, 590 экспорт рәсімдерін құраған.
Оның, 255 декларациясы алдын ала декларациялау амалымен ресімделіп, әкелінген тауарлардың алдын ала декларациялау үлесі – 34 % құрап отыр.