Құрметті Қызылордалықтар!
Кәсіпкердің тұтынушыға кассалық чек беруі-оның заңмен бекітілген міндеті! Ал кассалық чекті талап ету-әр адамның белсенді азаматтық ұстанымы!
Сондықтан тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін сатып алуларды төлеген сайын әрқашан Чекті талап етіңіз.
Осы әрекеттермен сіз тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделеріңізді қорғауды қамтамасыз етесіз, "көлеңкелі экономиканы" жоюға және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға қатысасыз.
Азаматтық ұстанымды көрсетуге шақырамыз!
Төленген салық-болашақ ұрпаққа қамқорлық!
Азаматтық ұстанымды ынталандыру мақсатында 2020 жылдың 13 мамырынан бастап " Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!"жобасы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыс және қызмет) үшін алынған кассалық чекті тегін мобильді қосымша (Wipon) арқылы жібереді және ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Түсіндіру жұмысы басқармасы
Қызылорда облысы бойынша МКД