Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджеттің 01.11.2024 ж. жағдайына орындалуы

Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 102% орындалып, бюджетке 5 млрд 486 млн.тг артық түсті (жоспар 277 млрд. 253 млн.тг, нақты өндірілгені 282 млрд. 738 млн.тг).

Түсімдердің өсу қарқыны 141,5% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 82 млрд 906 млн.тг түсім артты (01.11.2023ж – 199 млрд. 832 млн.тг).

Республикалық бюджетке  жоспары 157 млрд. 352 млн.тг., нақты 154 млрд. 186 млн.тг. өндіріліп, 98% орындалды немесе бюджетке 3 млрд. 166 млн.тг кем өндірілді.

           Түсімдердің өсу қарқыны 134,4% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 39 млрд. 452 млн.тг  артық (01.11.2023ж – 114 млрд. 734 млн.тг).

Жергілікті бюджетке жоспары 119 млрд. 901 млн.тг болса нақты түскені 128 млрд. 552 млн.тг немесе жоспар 107,2% орындалып бюджетке 8 млрд. 652 млн.тг  артық  түсті.

           Түсімдердің өсу қарқыны 151,1% құрап, өткен жылдан 43 млрд. 454 млн.тг артық түсті (01.11.2023ж. – 85 млрд. 098 млн.тг).

Дата публикации
20 ноября 2024