Ерекше сәйкестендіру нөміріне (ЕСН) қатысты

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес сәйкестендіру нөмірін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде қолданбайды. «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен ЖСН ақша жөнелтуші немесе бенефициар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылған жағдайда көрсетілмейтіні айқындалған. Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктер бейрезидент платежстердің төлем құжаттарын қалыптастыру кезінде ЖСН/БСН мәнінде 12 «0» белгісін көрсетеді.

            Осыған байланысты, бейрезидент жеке тұлғалар бойынша жеке шоттарды жүргізу үшін кедендік декларацияларды шығару кезінде талап қою күні ЕСН жасау жүргізіледі.

            ЕСН комбинациясы 12 саннан және үш бөліктен тұрады:

            - бірінші бөлім - 9900 сандарынан тұрады (екі тоғыз, екі нөл);

            - екінші бөлім - 2 әріптен тұрады, ел коды көрсетіледі (анықтамалыққа сәйкес, Кеден АЖ-да);

            - үшінші бөлім - 6 саннан тұрады, бейрезидент - жеке тұлғаны тіркеудің реттік нөмірін қамтиды.

            ЖСН бойынша бейрезидент - жеке тұлға кедендік төлемдерді, кедендік алымдарды, салықтар мен өсімпұлдарды (КАжС) төлеуді жүргізеді. Төлем құжатында Кеден АЖ берілген ЖСН «төлем мақсаты» бағанында көрсетіледі.

            Бұдан әрі кеден АЖ-де ЕСН бойынша жеке шоттар тек кедендік БСК бойынша ашылады және жүргізіледі (анықтама: «Салықтық әкімшілендірудің бірыңғай жүйесі» (СӘБЖ) жаңа ақпараттық жүйесі енгізілгенге дейін).

Аванстық төлемге қатысты

​            «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 78-бабының 1-тармағына сәйкес алдағы төленетін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген, төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша аванстық төлемдер болып танылады.

      Аванстық төлемдер өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне пайдаланылуы мүмкін.

            Кеден АЖ толық енгізілгенге дейін Кеден АЖ-де Кедендік декларацияларды (КД) шығару және КАжС сомаларын есептеу үшін «Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер» БСК 106119 пайдалану қажет.

            Сонымен қатар, Заң шеңберінде ЕСН бойынша КаЖС төлеуді жүргізу кезінде 106119 БСК пайдалану алынып тасталды.

            Осыған байланысты ЕСН бойынша төлемді тек белгілі бір БСК бойынша жүргізу қажет (106201, 106104, 106105, 105102, 106101 және т.б.), 106119 БСК-дын қоспағанда.

Дата публикации
30 сентября 2024