Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына сәйкес алты ай мерзімге мыналарға сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін:

  • 60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты мөлшерінде тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге;
  • 120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.
Дата публикации
18 июля 2023