Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 104,9% орындалып, бюджетке 8 млрд 88 млн.тг артық түсті (жоспар 164 млрд. 743 млн.тг, нақты өндірілгені 172 млрд. 832 млн.тг).
Түсімдердің өсу қарқыны 129,5% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 39 млрд 392 млн.тг түсім артты (01.12.2021ж – 133 млрд. 440 млн.тг).
Республикалық бюджетке жоспары 107 млрд. 762 млн.тг., нақты 112 млрд. 167 млн.тг. өндіріліп, 104,1% орындалды немесе бюджетке 4 млрд. 405 млн.тг артық түсті.
Түсімдердің өсу қарқыны 139% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 31 млрд. 481 млн.тг артық (01.12.2021ж – 80 млрд. 686 млн.тг).
Жергілікті бюджетке жоспары 56 млрд. 981 млн.тг болса нақты түскені 60 млрд. 665 млн.тг немесе жоспар 106,5% орындалып бюджетке 3 млрд. 683 млн.тг артық түсті.
Түсімдердің өсу қарқыны 115% құрап, өткен жылдан 7 млрд. 911 млн.тг артық түсті (01.12.2021ж. –52 млрд. 754 млн.тг).