Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық рақымшылық шеңберінде
шегіртілген өсімпұл бойынша атқарылған жұмыстар.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №730 бұйрығына сай Облыс бойынша салықтық рақымшылық нәтижесінде 35 038 азаматтың 103,0 млн.тг өсімпұлы шегерілді. (оның ішінде: жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша 5777 тұлғаның 6,5 млн.тг, жер салығы бойынша 4076 тұлғаның 3,3 млн.тг және жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 25185 тұлғаның 93,1 млн.тг). Өсімпұл сомаларын шегеру жұмыстары толық аяқталды.