«Е-Salyq Azamat»
Сіздердің назарларыңызға МКК «e-Salyq Azamat» порталының қосымшасы «Салық әмияны» қызметі арқылы салықтарды төлеуге болатынын жеткіземіз.
«Салық әмияны» қосымшасын жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер пайдалана алады.
Пайдалану үшін қажет:
- МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасын App Store және Play Market қосымшалары арқылы жүктеу.
- Қосымшаға тіркелу үшін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану .
- «Салық әмияны» қосымшасы теңгерімін толтыру «Қазақстан халық банк» АҚ және Kaspi.kz қосымшасы арқылы
«Салық әмияны» қосымшасының көмегі арқылы:
- Салықтарды төлеуді жүргізеді;
- Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру (250.00-нысан);
- салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;
- Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтейді;
- Салық салу объектілері мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша деректерді қарайды және өзгеріс енгізеді;
- Бірыңғай жиынтық төлемді төлейді (БЖТ);
- «Артық төлемді басқару» сервисі арқылы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке алуға немесе бюджеттен қайтаруға өтініш береді.