
Мемлекет басшысының Жолдауында "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру – шын мәнінде "әділ мемлекет" құрылымының тұжырымдамасы екені атап өтілді.
Азаматтардың проблемаларын жай ғана есту және көру жеткіліксіз, бастысы-оларға дұрыс және объективті жауап беру. Бұл азаматтардың барлық сындарлы сұрақтарына жедел және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана үйлесімді мемлекет құрылуы мүмкін.
"Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында Департаментте "OpenSpace" жобасы іске асырылды- ғимаратқа кіре берісте "қабылдау орталығы"салынды.
Басқаша айтқанда, қоғамдық қабылдаудың "OpenSpace" форматындағы шыныланған ашық кеңістігі МКО-ның жұртшылық үшін ашықтығын көрсетеді және адамдар мен фискалдық органдар арасындағы қатынастарды нығайтады. Жұмыс форматы келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Мұнда біздің қызметкерлер күн сайын кезекшілік етеді және азаматтарды қабылдайды, қажет болған жағдайда Департамент басшылығыда қабылдау жүргізеді.
Байланыс–орталығы
Бұдан басқа, салық төлеушілердің мәселелерін қолжетімді және жедел шешу мақсатында МКО–да №1414 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, Департаментте 3 оператордан тұрады.
2021 жылы Департаменттің байланыс орталығына 27 421 сұрақ қабылданды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Осылайша, біз нақты қызмет көрсетуден бас тартып, байланыссыз диалогқа көшеміз.