2021 жылы жеке тұлға қолданатын салық шегерімдері
2021 жылы жеке тұлға салық шегерімдерінің мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
1) МЗЖ түріндегі салықтық шегерім;
2) МӘМС жарналары бойынша салықтық шегерім;
3) зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;
4) стандартты салықтық шегерімдер, оған мыналар кіреді:
- әрбір күнтізбелік ай үшін ең төменгі бір жалақы мөлшері;
- Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2 және 3-тармақтарыда айқындалған тұлғалар үшін күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.;
5) мыналарды қамтитын басқа салықтық шегерімдер:
- ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі;
- медицинаға арналған салықтық шегерім;
- сыйақылар бойынша салық шегерімі.
Көпбалалы отбасыларға және білім алуға салықтық жеңілдіктерді қолдану 2025 жылға дейін тоқтатылды, сондықтан 2021 жылы мұндай жеңілдіктер қолданылмайды.
2021 жылғы сыйақыға салықтық жеңілдік тек тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алынған тұрғын үй ипотекалық несиелеріне ғана қатысты.