Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 102,8% орындалып, бюджетке жоспардан 4 млрд. 614 млн.тг артық түсті (жоспар 164 млрд. 354 млн.тг, нақты түсім 168 млрд. 968 млн.тг).
Түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47 млрд. 863 млн.тг азайып, 77,9% құрады (01.07.2025ж – 216 млрд. 832 млн.тг).
Республикалық бюджеттің жоспары 104 млрд. 435 млн.тенге болса, нақты 105 млрд. 360 млн.тг. түсіп, 100,9% орындалды немесе бюджетке 924 млн.тг. артық өндірілді.
Түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 млрд. 717 млн.тг. азайып, 70,2% құрады (01.07.2025ж – 150 млрд. 77 млн.тг).
Жергілікті бюджеттің жоспары 59 млрд. 919 млн.тг болса, нақты 63 млрд. 609 млн.тг. түсіп, жоспар 106,2% орындалды немесе бюджетке 3 млрд. 690 млн.тг. артық түсті.
Түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 145 млн.тг азайып, түсімдердің өсу қарқыны 95,3% құрады (01.07.2025ж – 66 млрд. 754 млн.тг).