Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының
2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына 133 қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже 
1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органы болып табылады (бұдан әрі – Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу, аудару және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар жатады.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.

 

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 23.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 10.12.2019 № 555 бұйрығымен.

 

Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық Мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Басқарманың міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Басқарманың Міндеттері:

1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

2) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

3) Өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету болып табылады;

5)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.

 

Басқару Функциялары:

1) салық заңнамасының сақталуын бақылау;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану болып табылады;

3) Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

5) Алып тасталды-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының м. а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.;

 

6) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;

9) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

10) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурста орналастыру;

13) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану болып табылады;

14) есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;

15) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;

16) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;

17) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару;

17-1) Көлік құралдарын, оның ішінде тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тоқтату;

17-2) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

17-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне - және аудиожазба, кино - және фотоға түсіру;

17-4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

17-5) құзыреті шегінде бекітілген тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалауды және олардың қадағалануын жүзеге асыру;

17-6) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлар айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;

17-7) өз құзыреті шегінде таңбалануға және қадағалануға жататын тауарлар айналымының, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудада мониторингін жүзеге асыру;

18) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешімдер, сондай-ақ салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының м.а. 29.11.2016 № 687; 27.07.2018 № 338; 22.07.2019 № 350 бұйрықтарымен.

 

Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсініктемелер және түсініктемелер беру;

3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы;

4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға, олар бойынша хаттамалар жасауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап-арыз беруге құқылы;

6) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау;

7) заңнамада айқындалған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардан қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап етуге құқылы;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;

9) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер беруге міндетті;

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже
Дата публикации
09 декабря 2020