|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік
кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
3) өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
1) cалық заңнамасының сақталуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
3) Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
5) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
6) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйені қолданумен электрондық қызмет көрсету;
9) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
10) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;
13) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
14) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
15) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсініктер беру;
16) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
17) Қазақстан Республикасы салық заңнамасымен анықталған тәртіпте жеке тұлғалардан берешекті өндіру туралы салық бұйрығын шығару;
17-1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;
17-2) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
17-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға- және фотоға түсіру;
17-4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін Жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
17-5) құзыреті шегінде бекітілген тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалауды және қадағалуды жүзеге асыру;
17-6) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;
17-7) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;
18) Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешімдерді, сондай-ақ салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдерді қабылдау;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 29.11.2016 № 687; 27.07.2018 № 338; ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 22.07.2019 № 350 бұйрықтарымен.
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын қарау;
7) заңнамада айқындалған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардан, қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
9) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
9-1) салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 22.07.2019 № 350 бұйрығымен.
1) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Басқарманың штат санының лимиті шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауаптылықта болады;
8) Департаментке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауаптылықта болады;
9) өз құзыреті шегінде Басқарманың актілеріне қол қояды;
10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан шығады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 10.12.2019 № 555 бұйрығымен.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.