2025 жылғы 18 шілдеде жаңа Салық кодексі қабылданып, қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушілерді тіркеуге қою тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Негізгі өзгеріс – шекті айналым мөлшерінің 10 000 АЕК-ке дейін төмендетілуі.
Бұрынғыдай, ҚҚС бойынша тіркеуге ерікті түрде тұрғысы келетін салық төлеушілер шекті айналымға жетпей-ақ тіркеле алады. Алайда ҚҚС бойынша тіркеуден босатылған тұлғалар ерікті түрде тіркеле алмайды.
Салық төлеуші шекті айналымнан асқан жағдайда, бірақ 5 жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуге өтініш беруі тиіс.
Егер бір мәміле сомасы шекті мөлшерден асып кетсе, онда тіркеуге өтініш сол мәміле жасалғанға дейін берілуі керек. Мысалы, егер салық төлеуші 50 млн теңгеге келісімшарт жасаса, онда ол тауарды жеткізбей немесе қызмет көрсетпей тұрып ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуі тиіс.
ҚҚС бойынша тіркеу жыл ішінде шекті мөлшерге жеткен сәттен бастап жүргізіледі.
Тіркелмей тұрып жасалған және шектен асқан айналым әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін салық салынатын айналым болып есептеледі (Салық кодексінің 101-бабы 6-тармағы).