АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ: КТС 3%, 6% НЕМЕСЕ 20% ҚАЙ КЕЗДЕ ТӨЛЕНЕДІ?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) сараланған мөлшерлемелері қолданылады.
Басты қағида: салық мөлшерлемесі кооперативтің мәртебесіне немесе ЭҚЖЖ кодына ғана емес, нақты жүзеге асыратын қызметіне және өнімнің шығу тегіне байланысты.
3%
Өз өнімі
6%
Кооператив қызметі
20%
Өзге қызмет
3% мөлшерлеме қашан қолданылады?
Егер кооператив ауыл шаруашылығы өнімін тікелей өзі өндірсе.
Мысалдар:
- Кооператив бидайды өзі өсіріп, жиналған өнімді сатады.
- Кооператив ірі қара мал өсіріп, өзі өсірген асыл тұқымды төлді өткізеді.
- Кооператив өз сүтін өндіріп, одан ірімшік, сары май немесе басқа сүт өнімдерін жасап, дайын өнімді сатады.
Негізгі шарт: ауыл шаруашылығы өнімі кооперативтің өз өндірісінен алынуы тиіс.
6% мөлшерлеме қашан қолданылады?
Егер ауыл шаруашылығы кооперативі Салық кодексінде көзделген, бірақ 3% мөлшерлемеге жатпайтын кооперативтік қызметті жүзеге асырса.
Мысалдар:
- Кооператив өз мүшелері өндірген сүтті сатып алып, оны қайта өңдеп, дайын өнімді сатады.
- Кооператив мүшелері өсірген астықты дайындайды, сақтайды және өткізеді.
- Кооператив өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін зоотехникалық және басқа да қосалқы қызметтер көрсетеді.
- Кооператив өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және қайта өңдеуге қажетті тауарларды өткізеді.
Маңызды: кооператив мүшелерінен сатып алынған өнім кооперативтің өзі өндірген өнімі болып саналмайды. Сондықтан мұндай шикізатты қайта өңдеуден алынған кіріске 3% емес, тиісті талаптар сақталған жағдайда 6% мөлшерлеме қолданылады.
20% мөлшерлеме қашан қолданылады?
Егер кооператив 3% немесе 6% мөлшерлемелерін қолдану талаптарына сәйкес келмейтін өзге қызметтен кіріс алса.
Мысалдар:
- Кооператив өз мүшелері болып табылмайтын жеткізушілерден сүт сатып алып, оны қайта өңдейді және дайын өнімді дербес қызмет шеңберінде өткізеді.
- Кооператив бөгде ұйымдарға коммерциялық негізде зоотехникалық қызметтер көрсетеді.
- Кооператив Салық кодексінің 16-бабында көзделмеген дербес сауда немесе өзге қызметпен айналысады..
Мұндай операциялар бойынша мөлшерлеме қызметтің нақты сипатына және Салық кодексінің тиісті нормаларына сәйкес айқындалады.
Нақты мысалмен түсіндірейік!
«Береке» ауыл шаруашылығы кооперативі сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысады.
Өз сүті → ірімшік өндіру → сату
КТС — 3%
Кооператив мүшелерінің сүті → ірімшік өндіру → сату
КТС — 6%
Бөгде жеткізушілердің сүті → ірімшік өндіру → сату
КТС — 20%, егер қызмет төмендетілген мөлшерлемелерге жатпаса
Кооператив бір мезгілде бірнеше қызмет түрін жүзеге асырса ше?
Әртүрлі мөлшерлемелер бойынша салық салынатын қызмет түрлерінің бөлек салықтық есебін жүргізу қажет.
Яғни әрбір қызмет түрі бойынша тиісті кірістер мен шығыстар жеке есепке алынып, салық салынатын кіріс бөлек есептелуі тиіс.
Жиі кездесетін 3 қателік
1. Барлық ауыл шаруашылығы кооперативтерінің барлық кірісіне автоматты түрде 6% мөлшерлеме қолданылады деп есептеу.
2. Сүт кооператив мүшелерінен сатып алынғаны үшін ғана оны қайта өңдеуден түскен кіріске 3% мөлшерлеме қолдану.
3. Қызметтің нақты сипатын ескермей, тек ЭҚЖЖ кодына сүйену.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
3% — өзі өндірген ауыл шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуге.
6% — заңнамада көзделген кооперативтік қызметке.
20% — төмендетілген мөлшерлемелер қолданылмайтын өзге қызметке.
Салық есептілігін тапсыру кезінде қателіктерге жол бермеу үшін жарияланымды сақтап қойыңыз және басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бөлісіңіз!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 16, 211, 345 және 357-баптары.
ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?
Екі салық режимін қатар қолдануға бола ма? Қандай салықтардан босатылады? Фермерлер үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған арнайы салық режимі қолданылады.
Ең маңызды ақпаратты түсіндіреміз!
1. Арнайы салық режимін кімдер қолдана алады?
Қазақстан аумағында жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында, оның ішінде кейінгі жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы белгіленген шектен аспауы тиіс:
1-аймақ — 5 000 гектарға дейін;
2-аймақ — 3 500 гектарға дейін;
3-аймақ — 1 500 гектарға дейін;
4-аймақ — 500 гектарға дейін.
Нақты аймақ жер учаскесінің орналасқан жері мен сипаттамаларына байланысты айқындалады.
2. Қандай салықтарды төлемеуге болады?
ШФҚ үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бірқатар салықтар мен төлемдерден босатылады:
Жер салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы — арнайы режим шеңберінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, заңнамада көзделген ерекшеліктерді қоспағанда.
Көлік құралдары салығы және мүлік салығы — заңнамада белгіленген салық салу объектілері бойынша.
Әлеуметтік салық — арнайы режим қолданылатын қызмет бойынша.
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы — тиісті қызмет бойынша.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) — импортталатын тауарларға және бейрезидент үшін төленетін ҚҚС-ты қоспағанда.
Маңызды: әлеуметтік төлемдерді төлеу және салық агентінің міндеттемелерін орындау сақталады.
3. ШФҚ үшін арнайы режимді оңайлатылған декларациямен қатар қолдануға бола ма?
ИӘ, БОЛАДЫ!
Егер қожалық әртүрлі қызмет түрлерінен кіріс алатын болса, екі салық режимін қатар қолдануға мүмкіндік бар.
Мысалы:
Өзінің өсірген бидайын өндіру және сату — ШФҚ үшін арнайы салық режимі.
Басқа ұйымдарға ауыл шаруашылығы техникасымен қызмет көрсету — белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі
Негізгі талап — әртүрлі қызмет түрлері бойынша кірістердің, шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізу.
Егер ШФҚ үшін арнайы режим қолданылмайтын қызмет бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу міндеттемесі туындаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу қажет.
4. Сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге бола ма?
ШФҚ үшін арнайы салық режимі мынадай қызметтерге қолданылады:
Өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу.
Өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу.
Осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу.
Ал басқа өндірушілерден сатып алынған өнімді қайта өңдеу және сату қызметі бұл арнайы режимнің қолданылу аясына кірмейді.
Мұндай қызмет үшін заңнамада рұқсат етілген басқа салық салу режимін таңдау қажет.
Сондай-ақ акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу қызметіне бұл арнайы режим қолданылмайды.
5. Салық есептілігін қалай тапсыру қажет?
920.00-нысан — ШФҚ үшін арнайы салық режимі бойынша декларация. Салық кезеңі — күнтізбелік жыл. Декларация келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
910.00-нысан — басқа қызмет түрлері бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі қолданылған жағдайда ұсынылады.
200.00-нысан — қызметкерлер бойынша төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді көрсету үшін қолданылады.
ШФҚ басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер 920.00-нысанда көрсетіледі.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимі салық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Алайда оның жеңілдіктері Салық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызмет түрлеріне ғана қолданылады.
Салық режимін таңдау кезінде қателеспеу үшін осы жарияланымды сақтап қойыңыз және басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бөлісіңіз!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 715, 728–733-баптары.
ҚР ӘҚБтК-нің 275-БАБЫ: САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖАСЫРҒАНЫ ҮШІН ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛДАР КӨЗДЕЛГЕН?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге тиіс мүлікті жасырғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіреді.
1. Салық салу объектілерін жасыру
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275-бабының 1-бөлігіне сәйкес, салық салу объектілерін жасырғаны үшін жасырылған объект бойынша төленуге жататын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының 200%-ы мөлшерінде айыппұл көзделген.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы құқық бұзушылық қайталап жасалса, айыппұл мөлшері 300%-ды құрайды.
Мысалы: егер жасырылған объект бойынша салық сомасы 100 000 теңгені құраса, айыппұл 200 000 теңге, ал құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 300 000 теңге болады.
2. Шетелдегі мүлік пен банк шоттары туралы мәліметтерді жасыру
Егер жеке тұлға тиісті салық декларациясында міндетті түрде көрсетілуге жататын:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік және өзге де мүлік туралы;
Шетелдік банктердегі шоттарда сақталған ақша қаражаты туралы мәліметтерді көрсетпесе, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық жойылмаған жағдайда 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Аталған жауапкершілік тиісті мүліктің әрбір объектісі және шетелдік банктегі әрбір шот бойынша жеке қолданылады.
3. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне уақтылы тұрмау
Егер қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркелуге міндетті салық төлеуші тіркеу есебіне тұрмастан салық салынатын айналымдарды жүзеге асырса, тіркеусіз қызмет атқарған кезеңдегі салық салынатын айналым сомасының 15%-ы мөлшерінде айыппұл салынады.
Мысалы: ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрмаған кезеңдегі салық салынатын айналым 10 млн теңгені құраса, айыппұл мөлшері 1,5 млн теңге болады.
4. Импортталған тауарларды жасыру
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды есепке алмау да салық салу объектілерін жасыруға жатады.
Мұндай құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 275-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ?
Салық салу объектілерін толық әрі уақтылы есепке алыңыз.
Салық декларацияларында мүлік пен табыстар туралы мәліметтерді дұрыс көрсетіңіз.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру міндеттемесінің туындауын қадағалаңыз.
Импортталған тауарларды бухгалтерлік және салықтық есепте уақтылы көрсетіңіз.
Салық заңнамасының талаптарын сақтаңыз.
Есіңізде болсын!
Салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау әкімшілік жауапкершіліктің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛДАР КӨЗДЕЛГЕН?
Салық есептілігін уақтылы тапсырмау, кірістерді жасыру немесе фискалдық чек бермеу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Қандай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көзделгенін және олардың алдын алу жолдарын түсіндіреміз.
1. Салық есептілігін уақтылы тапсырмау
ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы
Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – ескерту жасалады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
Жеке тұлғаларға – 15 АЕК;
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 АЕК;
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК.
2. Салықтарды уақтылы төлемеу
Салықтарды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
Маңызды: Өсімпұл әкімшілік айыппұл болып есептелмейді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары да қолданылуы мүмкін.
3. Салық салу объектілерін жасыру
ҚР ӘҚБтК-нің 275-бабы
Салық салу объектілерін жасырғаны үшін мынадай айыппұлдар көзделген:
Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – жасырылған объект бойынша төленуге жататын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының 200%-ы мөлшерінде;
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса – 300%-ы мөлшерінде.
4. Бақылау-касса машинасын (БКМ) қолданбау
ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы
Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – ескерту жасалады.
Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК;
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК.
5. Фискалдық чек бермеу
ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы
Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – ескерту жасалады.
Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК.
АЙЫППҰЛДАРДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
Салық есептілігін белгіленген мерзімде тапсырыңыз.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы төлеңіз.
Кірістер мен салық салу объектілерін дұрыс көрсетіңіз.
Заңнамада көзделген жағдайларда бақылау-касса машинасын қолданып, фискалдық чек беріңіз.
Салық берешегінің бар-жоғын тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
Салық міндеттемелерін уақтылы орындау – айыппұлдар мен қосымша шығындардың алдын алудың тиімді жолы!
2026 ЖЫЛЫ КІМДЕР ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛАДЫ?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Осыған байланысты қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдану тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне кімдер қойылмайтынын және қандай операциялар салықтан босатылатынын түсіндіреміз.
1. Кімдер ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылмайды?
ҚР Салық кодексінің 99-бабына сәйкес, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне мыналар қойылмайды:
Мемлекеттік мекемелер;
Резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
Жеке практикамен айналысатын адамдар;
Арнаулы салық режимдерін (АСР), оның ішінде оңайлатылған декларация негізіндегі режимді қолданатын салық төлеушілер.
2. Қандай операциялар ҚҚС-тан босатылады?
Салық кодексінде жекелеген айналымдар мен операцияларды ҚҚС-тан босату көзделген. Атап айтқанда:
Денсаулық сақтау саласы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберіндегі жекелеген медициналық қызметтер, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ сирек кездесетін (орфандық) және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған тауарлар мен қызметтер белгіленген талаптар сақталған жағдайда.
Әлеуметтік сала
Заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың жекелеген тауарлары, жұмыстары мен қызметтері.
Жылжымайтын мүлік
Жер учаскелері мен тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне қатысты жекелеген операциялар.
Білім беру және мәдениет
Заңнамада ҚҚС-тан босату көзделген жекелеген қызмет түрлері.
Халықаралық тасымалдар
Заңнамада көзделген жағдайларда халықаралық тасымалдармен тікелей байланысты жекелеген жұмыстар мен қызметтер.
ҚҚС-тан босату Салық кодексінде белгіленген талаптар сақталған жағдайда қолданылады.
3. ҚҚС бойынша қашан тіркелу қажет?
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі:
10 000 АЕК = 43 250 000 теңге.
Белгіленген шектен асқан және ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге жататын салық төлеушілер заңнамада көзделген тәртіппен тіркеу есебіне тұруға міндетті.
МАҢЫЗДЫ!
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру міндетінің болмауы тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеуден автоматты түрде босатуды білдірмейді.
Сонымен қатар барлық медициналық тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан толық босатылмайды. Олардың жекелеген санаттарына 2026 жылы 5% мөлшеріндегі төмендетілген мөлшерлеме қолданылады.
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексі, 99, 474–479 және 503-баптар.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 18 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан жоғары жеңіл автомобильдерге акциз салу көзделген.
Акцизді кім төлейді?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында осындай автомобильдерді сатып алатын жеке тұлғалар акциз төлеушілер болып танылады.
Бұл талап бұрын пайдаланылған автомобильдерге де қолданылады. Егер бұрынғы иесінен сатып алынған көлік құралының құны белгіленген шекке тең немесе одан жоғары болса, акциз төлеу міндеттемесі туындайды.
Акциз қалай есептеледі?
Салық кодексінің 537-бабына сәйкес, акциз мөлшерлемесі сатып алынған көлік құралы құнының 10%-ын құрайды.
Автомобиль Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған жағдайда, оның құны сатып алу-сату шартында немесе көлік құралын сатып алуға негіз болған өзге де келісімде көрсетілген баға бойынша айқындалады.
Автомобильді қайта сату кезінде акциз төлеу қажет пе?
Иә. Егер жаңа сатып алушы автомобильді белгіленген шекке тең немесе одан жоғары бағаға сатып алса, онда акциз төлеу бойынша жеке міндеттеме туындайды. Бұл ретте бұрынғы иесі төлеген акциз жаңа сатып алушының міндеттемесі есебіне жатқызылмайды.
Салық міндеттемелерін қандай мерзімде орындау қажет?
Жеке тұлға:
- автомобиль сатып алынған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей 400.00 нысаны бойынша акциз декларациясын ұсынуға;
- акцизді автомобиль сатып алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей немесе көлік құралын мемлекеттік тіркеуге құжаттар тапсырылған күннен кешіктірмей — осы екі күннің қайсысы ертерек болса, сол мерзімде төлеуге міндетті.
Осылайша, құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде оның бағасын ғана емес, сонымен қатар туындайтын салық міндеттемелерін де алдын ала ескеру қажет.
Негіздеме:** Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535, 536, 537, 539, 549 және 551-баптары.
Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
Сыйға алынған жылжымайтын мүлікті сату кезінде жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреміз.
Мысалы, азамат 2025 жылы пәтерді сыйға алып, 2026 жылы оны сатуға шешім қабылдады. Мұндай жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеттемесі туындай ма?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 382 және 383-баптарына сәйкес, тұрғын жылжымайтын мүлікті сату кезінде салықтық міндеттемелер мүлікке иелік ету мерзіміне және құн өсімінен кірістің болуына байланысты айқындалады.
Құн өсімінен кіріс қашан туындайды?
Егер пәтерге меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелсе және пәтер бір жылдан аз уақыт меншікте болса немесе меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркеліп, пәтер екі жылдан аз уақыт меншікте болса, оны сату кезінде құн өсімінен кіріс туындауы мүмкін.
Құн өсімінен кіріс сату бағасы мен жылжымайтын мүліктің бастапқы құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Өтеусіз алынған пәтерді сату кезінде бастапқы құн Салық кодексінің нормаларына сәйкес айқындалады. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың мүлік салығы салынатын жылжымайтын мүлік үшін меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарындағы мүлік салығын есептеу мақсатында белгіленген бағалау құны қолданылады.
Нені ескеру қажет?
Егер мүлікті сату нәтижесінде салық салынатын кіріс туындаса, жеке тұлға ЖТС-ты өз бетінше есептейді, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады және салықты заңнамада белгіленген мерзімде төлейді.
Бұл ретте салықтық міндеттемелерді айқындау үшін меншік құқығының мемлекеттік тіркелген күнін, жылжымайтын мүліктің түрін және Салық кодексінің қолданылатын нормаларын ескеру қажет.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату мәмілесін жоспарлау кезінде салықтық міндеттемелерін алдын ала нақтылауды ұсынады.
20 қазанда салық есептілігі нысандарын тапсыру және салықтар мен төлемақыларды төлеу мерзімі аяқталады
2026 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей:
1. Келесі салық есептілігі нысандарын (СЕН) тапсыру қажет:
328.00-нысан – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
851.00-нысан – 2026 жылғы қыркүйек айында алынған жер пайдалану шарттары немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге арналған лицензиялар бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
870.00-нысан – 2026 жылғы қыркүйек айында рұқсат алынған кезде төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы жөніндегі декларация.
2. Келесі салықтар мен төлемақыларды төлеу қажет:
2026 жылғы қыркүйек айы үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қосылған құн салығы (ҚҚС);
2026 жылғы қыркүйек айы үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО аумағынан әкелінген тауарларға салынатын акциз;
Төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
2026 жылғы III тоқсан үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2026 жылғы III тоқсан үшін өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
Құрметті салық төлеушілер!
Салық міндеттемелерін уақтылы орындап, салық есептілігін белгіленген мерзімде тапсыруды және салықтар мен төлемақыларды уақытылы төлеуді сұраймыз.
Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату кезіндегі ЖТС: жиі жіберілетін қателер
Жылжымайтын мүлікті немесе көлік құралын сатқан кезде құн өсімінен табыс туындап, ЖТС төлеу міндеттемесі пайда болуы мүмкін. Бұл сыйға немесе мұраға алынған мүлікке де қатысты.
Салықтың есептелуі мүліктің түріне, оны иелену мерзіміне және сату құнына байланысты.
Қандай жағдайларда салық төлеу қажет және декларацияны қалай тапсыру керек?
Салық төлеуші (салық агенті):
салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;
тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.
Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.
Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.
Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталған күнге дейінгі кезеңде қосылған құн салығын төлеушіге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрады.
Салық салу объектілері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілігін ұсыну тоқтатыла тұрмайды.
Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер салық органы тиісті шешімді қабылдаған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Уәкілетті органның интернет-ресурсында салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтерді жариялау салықтық өтініште немесе жергілікті атқарушы органның жолданымында көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбауға негіз болып табылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан бас тарту:
салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған;
салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген;
салық органының орындалмаған хабарламалары болған жағдайда қабылданады.
Салық органы:
салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну күнінен бастап салықтық есептілікті ұсынған;
қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе қайта бастаған күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактісі анықталған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынуды қайта басталды деп таниды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік міндеттемелерді есептеу, төлеу бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметті қайта бастау деп танылады.