Меню

Страницы

Статья

Көлік құралдарына салынатын салық

Салық сомасы салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің өзі есептеледі. Есептеу кезінде 2025 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге қолданылады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында көлік салығын онлайн есептеу сервисі қолжетімді.

Есептелген салық сомасын келесі тәсілдер арқылы білуге болады:

  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (PUSH-хабарламалар);
  • Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисі арқылы.

Департаменттің мәліметінше, 2026 жылғы 2 сәуірден бастап салықты уақтылы төлемеген әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 10 мамырдан бастап берешегі бар салық төлеушілерге қатысты салық заңнамасында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.

Егер салық берешегі 1 АЕК-тен асса, мемлекеттік кірістер органдары берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады. Салық бұйрығы тапсырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, материалдар әрі қарай өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданады.

Атқарушылық іс жүргізу барысында борышкердің банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу сияқты мәжбүрлеп орындау шаралары қолданылуы мүмкін. Ал берешек 40 АЕК-тен (157 280 теңге) асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борышкердің елден шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралдарының иелеріне салық міндеттемелерін алдын ала тексеріп, салықты белгіленген мерзімде төлеуге кеңес береді. Бұл өсімпұлдың есептелуіне және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуына жол бермейді.

Салықты есептеу және төлеу мәселелері бойынша тұрғылықты жеріңіздегі мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Дата публикации
21 июля 2026
Дата обновления
21 июля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
15 сентября 2026
Салық берешегі бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қалай алуға болады
Ақпарат
15 сентября 2026
Сіздерді Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бағыттар
14 сентября 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап емдік балшықтарға арналған ПҚӨ бойынша БСК-ның өзгеруі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы