Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурстық комиссиясы отырысының
№ 25 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ.
Қостанай қ. 2025 жылғы 29 маусымдағы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстар өткізу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар), конкурстық комиссия ШЕШТІ:
- Конкурстық комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың болмауына байланысты ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс өтпеді деп саналсын.
- Кандидаттың болмауына байланысты ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасы №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс өтпеді деп саналсын.
- ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасы №2 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау үшін – Назияш Дәулетқызы Тұрсын ұсынылсын.