№ 14 Хаттамадан үзінді
«Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізу алдында Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының конкурс комиссиясының отырысы
Тобыл қ. 13.08.2024 жыл.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстар өткізу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар), конкурстық комиссия ШЕШТІ:
ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс, конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттың лауазымға орналасудан бас тартуына байланысты өтпеді деп саналсын.