
Жалпы мәліметтер, білімі Унич Павел Николаевич, 1990 жылғы 28 желтоқсанда Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
Мансабы Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Мемлекеттік кірістер органдарында орындаушылық және басшылық лауазымдарда 9 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Бұған дейінгі жұмыс орны – ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің басшысы. Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 9 жыл 08 ай.