Жеке тұлғалардың салық берешегі

Жеке тұлғалардың салық берешегі

Қарағанды облысы бойынша көлік құралдарына салынатын салық берешегі 2022 жылғы және өткен жылдар бойынша борыштар 1,1 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта салық органдары 4 210 салық бұйрығын шығарды, олар жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп өндіріп алуға берілді, қазіргі уақытта ЖСО-да өндіріп алуда 576,5 млн. теңге сомасыға 7 817 салық бұйрық бар.

Жеке сот орындаушылары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңы шеңберінде мынадай шараларды қабылдайды: мүлікке,  банктік шотқа тыйым салу, ҚР-дан тыс жерлерге шығуды шектеу және т. б.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ЖСО қызметіне ақы төлеу борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі және 3-тен 25%-ға дейінгі мөлшерде белгіленеді.

Сондай-ақ, берешек құрылған күннен бастап әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл есептеледі.

Департамент Қарағанды және облыс тұрғындарын портал kgd.gov.kz немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы салық берешегінің бар жоғын тексеруді және болған жағдайда өтеуге шақырады.