
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сізді Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы сауда жөніндегі Халықаралық даму агенттігінің бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы кеден органдарының парасаттылығы туралы сауалнамасын өтуге шақырады.
⠀
Тәуелсіз бағалау парасаттылық деңгейін объективті түрде көрсету, кеден органдары жүйесінде даму деңгейін анықтау сонымен қоса жұмысты жақсарту үшін СЭҚ қатысушыларымен кері байланысты қолдауға мүмкіндік береді.
⠀
Парасаттылық пен кәсіпқойлық- біздің қызметіміздің басты құндылықтары. Біздің қызметіміз ең адал, сауатты және парасатты болуына барлық күшімізді саламыз.
⠀
Сіздің пікіріңіз маңызды және жұмысты жақсартуға көмектеседі, сондықтан сауалнамаға бар болғаны 15 минут уақыт бөліңіз!
⠀
Жеке ақпараттың анонимділігі мен қорғалуына Fortune Partners зерттеу компаниясы кепілдік береді. Сіз сауалнаманы қағаз түрінде өзіңіз немесе сұхбат берушімен, офлайн (Excel) электрондық форматта және онлайн біздің портал арқылы өте аласыз.
⠀
Сондай-ақ, біз сауалнаманы өзге де нысандармен тікелей байланыс арқылы (телефон, WhatsApp, Skype, Zoom) жүргізуге дайынбыз.
⠀
QR кодын сканерлеу арқылы сауалнаманы өтуге болады.
⠀
Қосымша ақпарат алу үшін, сіз электрондық хатты сауал басшысы Бөрібаева Перизат мекен-жайы бойынша жібере аласыз: info@fortunepartners.kz, cipskaz@gmail.com немесе WhatsApp арқылы +7778450 1900.