Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған және тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталатын, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін басталған не «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодесіне (бұдан әрі- Кодекс) сәйкес кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жағдайларында тексеруді жүргізу кезінде кеден органы Кодекстің 426-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру нәтижелері бойынша кеден органы осы Кодекске сәйкес шешім қабылдайды.
Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 292 бұйрығымен айқындалады.