2021 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті атап айтқанда келесі жұмыстарды жүргізді:
- Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі департаменттің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді және іске асырылды.
- Департамент, МКБ ғимараттарында және кеден бекеттерінде басшылықтың азаматтарды қабылдау кестелері, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер, сондай-ақ Әдеп кодексінің мәтіні бар стендтер орналастырылған.
- Департаментте 1414, 87212-41-08-12 (41-16-55) телефон нөмірлері бойынша call-орталық жұмыс істейді. Аталған нөмірлерге сәйкес салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтар қоюға болады. Сондай-ақ, МКО лауазымды тұлғалардың кез келген құқыққа қарсы әрекеттері туралы хабарламалар тіркелетін, (8-7212-437-000) жазу функциясы бар сенім телефоны жұмыс істейді. Өтініштердің барлық фактілері бойынша жедел шаралар қабылданады және ауызша түсініктемелер беріледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында 2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тәрбиелік және білім беру сипатындағы 1033 түрлі іс – шаралар өткізілді, оның ішінде: Телеарнада, әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде - 102, радиода-54 сөз сөйлеу; БАҚ-да, Департаменттің ресми сайтында, Instagram, Facebook, Twitter, Telegram әлеуметтік желілерінде – 216 жарияланымдар орналастырылды; салық төлеушілердің, СЭҚ қатысушыларының қатысуымен – 95 семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді; жеке құраммен 566 сабақ өткізілді.
- Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз күштерімен «Мемлекеттік кірістер органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыпқа 9 бейнеролик дайындалды.
- Сонымен қатар, Департаменттің әлеуметтік желілерінде және МКБ ғимараттарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатын насихаттау туралы бейне-аудиороликтер көрсетіледі. Ақпараттық стендтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталықтарының қолданыстағы нөмірлері туралы флаерлер орналастырылған.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, МКД және Қазыбек би атындағы ауданы, Октябрь ауданы және Теміртау қаласы бойынша МКБ көркем әдебиетті оқу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттайтын қазақстандық жазушы Жан Ақжановпен кездесу ұйымдастырылды.
- Жезқазған, Сәтпаев, Саран, Абай, Шахтинск, Қаражал, Теміртау қалалары, Осакаров, Нұра, Бұқар Жырау, Октябрь, Қазыбек би атындағы, Жаңаарқа, Ақтоғай және Шет аудандары бойынша МКБ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау бойынша көшпелі семинарлар өткізілді. Сыбайлас жемқорлық көріністері және ұжымдағы моральдық – психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы талдау нәтижелерінің қорытындысы бойынша МКБ басшыларына мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ этикалық нормаларды қолдану практикасына бағдарлана отырып, ұсынымдар берілді.
- Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелері бойынша «ZOOM» арқылы сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
- «ZOOM» арқылы және Департаменттің Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде МКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына сабақтар өткізілді.
- Жоспарды орындау мақсатында, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің және Қарағанды қаласы «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» ЖМ студенттерімен сыбайлас жемқорлық және оның салдары туралы мәселелерді талқылай отырып, «ZOOM» арқылы дәріс-семинар өткізілді.
- Департаментте облыстың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы туралы, қызметкерлер тарапынан немесе олардың қатысуымен құқық бұзушылықтар туралы жағымсыз мәліметтер жарияланымдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының және Интернет-сайттар беттерінің күнделікті мониторингі ұйымдастырылған. Қызметкерлерге немесе Мемлекеттік кірістер органына қатысты теріс жариялау фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылданады, теріске шығару ақпарат жарияланады.
- Үміткерлерді жұмысқа қабылдау кезінде тексеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде барлық адамдар қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметтік құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс тәртібі мәселелері бойынша нұсқаулықпен танысады. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген шектеулер мен тыйымдар қол қойғызылып жеткізіледі.
- Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ықпал ету шараларын қолдану мақсатында, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуы тұрғысынан қарау үшін материалдар жолдауды қоса алғанда, қызметкерлер жол берген құқық бұзушылық фактілерін анықтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Департаменттің 5 бөлімшесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдармен талдамалық анықтамалар қалыптастырылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді біріктіру және ұжымдық рухты қалыптастыру мақсатында күзгі марафонға қатысу, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізу, аудандық тарихи-мәдени мұражайға, Құнанбай қажы мешітіне, мәдениет ескерткіштеріне және «Пионерлер шыңы» тауына шығумен Қарқаралы қаласына бару ұйымдастырылды.