Меню

Страницы

Статья

Тауарларды сыныптау

  1. Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға және кіші қосалқы позицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.

      Тауарларды сыныптау мына негізгі өлшемшарттар:

      1) тауар орындайтын функция;

      2) тауар жасалған материал негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      Тауарларды сыныптау кезінде:

      1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі қағидаларын;

      2) бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертпелерді пайдаланады.

      3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына берілген түсініктерді;

      4) Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйе комитетінің сыныптамалық пікірлер компендиумін;

      5) уәкілетті органның тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдерінің электрондық базасын;

      6) Комиссияның және уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау бойынша түсіндірмесін пайдалануы мүмкін.

  1. Кеден органы:

      1) кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кеден органы олардың дұрыс сыныпталмағанын анықтаған жағдайларда, тауарларды сыныптауды жүзеге асырады. Бұл жағдайда кеден органы тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды, ол орындау үшін міндетті болып табылады. Тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысанын, оны қабылдау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді;

      2) әрекеттерді жасамаған кезде төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеген жағдайларда.

  1. Кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі – тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады.
  2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикулды және түрленімді қамтитын тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді алған тұлға оны жоғалтқан жағдайда, кеден органы тауарды сыныптау туралы жоғалтылған алдын ала шешім туралы мәліметтер қамтылған өтініш негізінде, өтініш кеден органына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай тұлғаға тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің телнұсқасын береді.      Телнұсқаны берген кезде алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым алынбайды.  Телнұсқаны алу үшін өтініш иесі тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдаған кеден органына еркін нысанда, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде өтініш береді. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің телнұсқасында алдын ала шешімнің түпнұсқасында қамтылған барлық мәліметтер, оның ішінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімінің тіркеу нөмірі мен қабылданған күні көрсетіледі және "Телнұсқа" деген белгі қойылады. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім телнұсқасының қолданыс мерзімі тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім түпнұсқасының қолданыс мерзімі болып табылады.

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кеден органы тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш иесі) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініші негізінде қабылдайды.

  1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кеден органы тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш иесі) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініші негізінде қабылдайды.

     Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тауардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын (тауар белгісін), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамаларын және тауарды біржақты сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметті қамтуға тиіс.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Электрондық құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке осы тармақтың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты растайтын құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

      Қажет болған жағдайда, кедендік сараптама жүргізу үшін тауардың сынамалары және (немесе) үлгілері, сондай-ақ фотосуреттері, суреттері, сызбалары, бұйымдардың паспорттары және тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті, өтініш иесінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылған басқа да құжаттар ұсынылады.

  1. Егер өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтер тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса немесе толық көлемде ұсынылмаса, кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш кеден органына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш иесіне қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

      Қосымша ақпарат кеден органы өтініш иесіне қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жіберген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

      Егер қосымша ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаса не ұсынылған қосымша ақпаратта тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылмаса, кеден органы тауарды сыныптау туралы мұндай алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бұл туралы өтініш иесін бас тарту себептерін көрсете отырып хабардар етеді. Бұл ретте тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін өтініш иесі төлеген кедендік алым қайтарылмайды.

 

 

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?
09 октября 2026
Салық төлеуші мәжбүрлі түрде тарату

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы