Меню

Страницы

Статья

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен кезде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе және осындай тауарларға қатысты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген жағдайда, алғаш рет кедендік рәсім мәлімделсе, осы тарауға сәйкес айқындалады.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны, мәміле құнының, яғни оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және Кодекстің осы бабының 3-тармағына сәйкес толықтырылған бағаның негізінде айқындалады.

      3. Егер олар бұрын қосылмаған болса, іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы тауарлар үшін мынадай қосымша есептеулер қосылады:

      1) сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыратын, бірақ:

      а) делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақы және брокерлерге берілетін сыйақы;

      б) егер кедендік мақсаттар үшін ол әкетілетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылса, ыдысқа жұмсалған шығыстар;

      в) әкетілетін тауарлар орамасына жұмсалған шығыстар, оның ішінде орама материалдарының және орау жұмыстардың құны жататын әкетілетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшердегі шығыстар;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан мұндай тауарларды әкету орнына дейін, ал егер Комиссия тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне және осындай тасудың (тасымалдаудың) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса – Комиссия айқындаған орынға дейін әкетілетін тауарларды тиеу, түсіру немесе қайта тиеу және оларды тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге операцияларды жасауға жұмсалған шығыстар;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген операцияларды жасауға байланысты сақтандыру шығыстары;

      4) әкетілетін тауарларға қатысты және көрсетілген төлемдер әкетілетін тауарларға жататын жағдайда осындай тауарларды сатудың шарттары ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде төлеген зияткерлік меншік объектілерін (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетілетін тауарларды қалпына келтіру құқығы үшін төлемдерді қоспағанда) пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдер.

      4. Әкетілетін тауарлардың кедендік құны, олар іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағадан бөлінген жағдайда, декларант мәлімдеген және ол құжаттама түрінде растаған:

      1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін жүргізілетін құрылысқа, осындай өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдық сияқты тауарларды салуға, қалпына тұрғызуға, жинақтауға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан мұндай тауарларды кету орнынан, ал егер Комиссия тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне және осындай тасудың (тасымалдаудың) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса – Комиссия айқындаған орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкеткеннен кейін әкетілетін тауарларды тасуға (тасымалдауға) жұмсалған шығыстарды;

      3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты төленетін баждарды, салықтар мен алымдарды қамтымауға тиіс.

      5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген әкетілетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер дұрыс, саны жағынан айқындалатын және құжаттамалық расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі.

      6. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа, мұндай тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер жүргізілмейді.

      7. Мәміле бағасы болмаған кезде, әкетілетін тауарлардың кедендік құны әкетілетін тауарды өндіруге немесе иеленіп алуға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлік құжаттамасының декларант берген үзінді көшірмесі негізге алынып айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 3-тармағында тізіп көрсетілген шығыстар да ескеріледі.

      8. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген бірдей тауарлар бойынша қолда бар мәліметтер негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде айқындайды.

      Осы баптың мақсаты үшін "бірдей тауарлар" ретінде, ұқсас сипаттары бар және осындай материалдардан өндірілген ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік береді және оларды коммерциялық өзара ауыстыруға болатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлар сияқты сол немесе оған тиісті уақыт кезеңінде, бірақ әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге дейін күнтізбелік 180 күннен ерте емес әкетілген тауарлар түсініледі. "Өндірілген" ("өндірілді") деген ұғым тауарларға қатысты "өндіріп алынған", "өсірілген", "жасалған", оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы деген ұғымды білдіреді.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы