Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Сыбайлас жемқорлық деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін аса маңызды тәуекелдерді бөлу мақсатында Департаменттің Адам ресурстары Басқармасының қызметтік тергеу бөлімі ақпаратты жинауды, зерделеуді және бағалауды дербес дайындайды. Материалдар Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобына (бұдан әрі – жұмыс тобы) ұсынылды.

Осылайша, 2021 жылы Жұмыс тобы Департаменттің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде талдау объектісінің қызметін, оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін реттейтін құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына ішкі талдау жүргізді:

1) оңалту рәсімін жүргізу бөлігінде;

2) салық төлеушіні және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны Қазақстан Республикасының әртүрлі Салық және кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартпау бөлігінде;

3) салық есептілігін заңсыз қабылдау бөлігінде;

4) кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік құнды айқындау бөлігінде.

Бұдан басқа, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің салық салу мәселесі бойынша Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдары бар талдамалық анықтамалар қалыптастырылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы