«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №85-VII ЗРК Заңына қол қоюға байланысты салық заңнамасының негізгі өзгерістері бойынша келесіні хабарлайды.
«Салықтық мобильді қосымша» ұғымын енгізу
Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 63) тармақшасымен, 73-бабы 5-тармағының 5) тармақшасымен, 115-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салықтық мобильдік қосымша» ұғымы енгізілді, ол арқылы жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің есептелген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің бар сомасы туралы мәліметтер берілетін, сондай-ақ салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарламалар тапсырылатын болады.
Көлік құралдарына салынатын салық
Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларына өзгерістер енгізу (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қолданыстағы салық заңнамасы салық салу мақсатында шағын вагондарды қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынатын автомобильдер ретінде қарастырады.
Пандемия жағдайында шағын және орта бизнестің шығындарын азайту мақсатында шағын көлемді фургондарды жүк көтерімділігіне байланысты салық салу тәртібімен жүк автомобильдеріне жатқызу көзделген.
Ең жоғары рұқсат етілген массасы 3 500 килограмнан кем «B» санатындағы көлік құралдары Салық кодексінің 492-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ставкалар бойынша салықты есептеу жүргізілетін жүк автомобильдеріне жатқызылатын болады.
Салық кодексінің 529-бабының 3-тармағына өзгерту енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке мақсатта пайдаланылатын қоймаларға Салық кодексінің 531-бабына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мүлік салығы үшін айқындайтын құнына қарай ұқсас тұрғын үйлерге ставкалар бойынша (прогрессивтік шкала) салық салуды көздейді.
Осындай қоймаларға ие жеке тұлғаларда СЕН 700.00 ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды.
Салық салу мақсаттары үшін осындай қоймалар бойынша бағалау құнын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ беретін болады, мүлік салығын есептеу мен есептеуді комитет осындай құн негізінде жүргізетін болады.
Сондай-ақ, бұл түзету тұрақ орнына салық салу тәртібін нақтылайды.
Салық кодексінің 528-бабының 1) тармақшасын толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұрақ орындарының мүлкіне салық салу объектісі деп тану бөлігінде нақтылайтын түзету.