Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының 2020 жылғы "14"қаңтардағы № 21 бұйрығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Жалпы ережелер
1) мемлекеттік кірістер органдары қызмет атқаратын тұлғаларда сыбайлас-жемқорлыққа төзбестік ахуал қалыптастыру;
2) сыбайлас-жемқорлықты танытуды уақтылы анықтау және олардың керіс әсерлерін болдырмау.
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас-жемқорлық іс-қимылдардан қорғау;
5) мүдделер жанжалына жол бермеу
1) законность;
2) транспарентность;
1) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
3) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
4) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
5) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу.
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына және сыйлықтар алуға көндіру туралы, белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тікелей немесе тікелей басшыға баяндау;
2) лауазымдық міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау;
3) әділ қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден тартыну;
4) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелемеу және көтермелемеу;
5) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін сыйлықтар бермеу және қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;
6) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамауға;
7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;
8) егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары)қатынаста тұрған адамдардың тікелей бағыныстылығына немесе бақылауына байланысты болса, оны тағайындаудан бас тарту;
9) кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тарту;
10) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе қамқорлық жасаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ болу.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
2) мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарын алуға өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, оларды белгіленген мерзімде беру;
3) мемлекеттік қызметтер мен рұқсат құжаттарын алуға өтініш берушілермен қызметтен тыс қарым-қатынасқа түспеу;
4) Мемлекеттік қызмет көрсету, ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін рұқсат беру құжаттарын алу үшін бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеу және сұратпау;
1) тексеру субъектілерінің қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу;
2) тексерілетін субъектілерге заңсыз талаптар қоймау, тексеру нысанасына жатпайтын өтініштермен жүгінбеу;
3) тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектіге тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
4) жеке және пайдакүнемдік мүдделерде кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қолдау көрсетпеу;
5) тексерулерді жүзеге асыру кезінде тексерілетін кәсіпкерлік субъектілерінен тексеру нысанасына жатпайтын құжаттарды талап етпеу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты мәлім болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз таратуға және (немесе) пайдалануға жол бермеу.
1) меритократия қағидасын басшылыққа алу;
2) Мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;
3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
4) Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;
5) Мемлекеттік кіріс органдарына жұмысқа кандидаттардан заңнамада көзделмеген құжаттарды талап етпеу.
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына жіберу;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру;
4) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдасын. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ кейіннен ресми жариялау тізілімі.
1) бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;
2) қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;
3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;
4) нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;
5) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныштылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
6) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
7) қарамағындағы және басқа да лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;
8) әріптестердің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдау;
9) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түбегейлі шаралар қабылдау;
10) жоғары тұрған не төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелділікте болатын лауазымды адаммен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау.