Меню

Страницы

Статья

Оңалту және банкроттық

Оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік бақылау "оңалту және банкроттық туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Мәселен, Заңның 15-бабында оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның құзыреті айқындалған, онда осы баптың 4-тармақшасында Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру көзделген.

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне бармай Профилактикалық бақылаудың ерекшелігі бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және бақылау субъектісінің уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады.

Әкімші бақылау субъектісі болып табылады.

Осындай бақылауды жүргізу тәсілі уәкілетті орган алған, оларға мыналар жататын деректер мен ақпаратты өзара салыстыру болып табылады:

1) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпарат;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ әкімші мен борышкердің қызметі бойынша өзге де көздерден алынған мәліметтер қоса беріледі.

Осы Заңда уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кез келген мемлекеттік орган, заңды не жеке тұлға борышкерге қатысты кез келген құпия ақпаратты беруге міндетті екендігі регламенттелгенін атап өткен жөн.

Әкімші тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жібереді, оны алған кезден бастап бақылау субъектісі он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарламаны жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы