Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық жүйелер

         Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде пайдаланылатын Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері Департаменттің бизнес-процестерін кешенді автоматтандыруға арналған және ҚР азаматтары мен бизнесіне электрондық қызметтерді ұсынуды автоматтандыруды қамтиды.

         "Салықтық және кедендік әкімшілендіруді реформалау мақсатында Ақпараттық жүйелерді дамыту" МКК АЖ жобасын іске асыру ҚР ҚМ МКК қолданыстағы және ақпараттық жүйелерін жаңғыртуды және жаңаларын құруды көздейді. Жобаның ауқымы негізінен салық салу жүйесіне тартылған салық төлеушілердің жалпы санымен, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерін пайдаланушылардың санымен айқындалады. Сондай-ақ, жобаланған жүйенің архитектурасын анықтайтын МКК ұйымдық құрылымының иерархия деңгейлерінің саны маңызды. Жоба ҚР ҚМ МКК орындау бойынша әкімшілік рәсімдерді автоматтандыру үшін арналған және ҚР ҚМ МКК қолданыстағы және жаңа ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған және:

  • "Электрондық үкімет"құрауыштарымен ықпалдастыру жолымен МКК АЖ деректерінің анықтығын қамтамасыз ету
  • Халық, бизнес және мемлекеттік органдар үшін ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық қызметтер көрсетудің сапасы мен жеделдігіне кепілдік беру
  • Барлық ақпараттық құрылымды сүйемелдеу және басқару шығындарын төмендету
  • Едәуір шығындарды талап етпейтін ҚР заңнамасының өзгерістеріне бейімделудің жоғары дәрежесі бар икемді Ақпараттық жүйелерді құру
  • Бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік қаржыны басқару саласында басқарушылық шешімдердің сапасын және бақылаудың тиімділігін арттыр
  • Бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік қаржыны басқару саласында басқарушылық шешімдердің сапасын және бақылаудың тиімділігін арттыру;басқарудың тиімділігін арттыру және өнімсіз шығындарды қысқарту
  • Халық пен бизнес-қоғамдастық үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру

Мемлекет үшін МКК АЖ пайдаланудың артықшылықтары:

  • Мемлекеттік ведомстволардың өзара іс-қимылының жеделдігі және тиімділігін арттыру
    Бюджетті басқару бойынша барлық ілеспе процестер электрондық форматқа ауыстырылды, орталықтандырылды, бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылды неғұрлым тиімді етті.
  • Сапа және сенімділік
  • Ақпаратты автоматты түрде шоғырландыру "адами факторды"болдырмауға мүмкіндік береді
  • Үнемдеу
    Көптеген есептерді жинауға және шоғырландыруға шығындар мен Еңбек ресурстар

ХАЛЫҚ ПЕН БИЗНЕС ҮШІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:

  • Әкімшілік кедергілерді азайту және ҚР ҚМ МКК қызмет көрсету жеделдігі мен сапасын арттыру
  • Аудиторларды электрондық аккредиттеу, ҚР ҚМ МКК құзыреті шеңберінде лицензиялар алу және т. б.
  • Дәрменсіз борышкерлердің жылжымайтын мүлкін сату бойынша электрондық аукциондар және т. б. сияқты жаңа электрондық қызметтерді құру мүмкіндігі.
Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы