Меню

Страницы

Статья

Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастау

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органы зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқықтарын бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда, осындай тауарларды шығару мерзімі  мемлекеттік кірістер органы басшының Шешімімен он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

      Құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның сұрау салуы бойынша бұл мерзімді кеден органы ұзартады, бірақ, егер құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға құқық иеленушінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген жағдайда, ол он жұмыс күнінен аспайды.

      Мемлекеттік кірістер органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, декларантты және құқық иеленушіні тауар декларацияның шығаруын тоқтата тұру, оның  себептері және мерзімдері туралы декларантқа және (немесе) оның мүдделерін құқық иеленушінің, декларанттың  мүдделерін білдіретін тұлғаның атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін) хабарлайды.

       Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткен соң осындай тауарларды шығару мерзімі кеден органына тауарларды алып қоюды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттар не судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы ұсынылған жағдайларды қоспағанда, жаңартылады және жүргізіледі. Аталған жағдайларда шығаруды тоқтата тұру мерзімдері ұзартылады.

          Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім мынадай:

Мемлекеттік кірістер органдарына құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның мұндай шешімнің күшін жою туралы өтініші келіп түскен жағдайларда тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін күшін жоюға жатады.

     зияткерлік меншік объектісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінен немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен алынып тасталған;

     құқық иеленуші немесе оның өкілі судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын ұсынбаған жағдайларда тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін күшін жоюға жатады.

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы