Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» кодексінің 150 бабының ережелерін қолдануға қатысты

Кодекстің 3-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес " декларант – бұл тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға.

Кодекстің 150-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес декларант Кодекстің 150-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде көрінеу (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде декларант Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайтын жағдайлар көзделген.

Өз кезегінде, Кодекстің 493 және 494-баптары кеден өкілінің құқықтары мен міндеттерін реттеді.

Кодекстің 494-бабына сәйкес кеден өкілі кедендік операцияларды декларанттың атынан жасаған жағдайда, кеден өкілі мұндай декларантпен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауға жататын толық мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ жауаптылықта болады.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы