2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
01.07.2021 ж. жағдай бойынша Қарағанды облысы бойынша 109 767 салық төлеуші тіркеу есебінде тұр, оның ішінде заңды тұлғалар 33 460, жеке кәсіпкерлер 76 307.
2021 жылғы 1 жартыжылдығында Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер органдарымен 644 800 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 641 266 қызмет немесе 99,5% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша көрсетілді, 3 527 қызмет немесе қағаз тасығыштағы өтініштер бойынша 0,5%; 7 қызмет баламалы негізде "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді.