Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялауды енгізу барысы туралы

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі. Елде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңнен тұратын болады.

Қарағанды облысы бойынша жыл басынан бері (10.06.2021 ж.жағдай бойынша) 23 795 жеке тұлға немесе 80,4% өз мүлкін декларациялады. Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне қатысушылардың жоспарланған саны республика бойынша 480 000 адамды, облыс бойынша 29 585 адамды құрайды.

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарымен әр сәрсенбі сайын сағат 11:00-ден 11:30-ға дейін «Zoom» бағдарламасында «Сұрақ-Жауап» форматында бейнеконференциялар өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Барлық «Zoom» конференцияларына кіру коды «123456».

 

№ 

Мемлекеттік органның атауы

конференция идентификаторы

1

Қарағанды облысы бойынша МКД

85473865688

2

Теміртау қаласы бойынша МКБ

3529420774

3

Октябрь ауданы бойынша МКБ

2297001109

4

Қазыбек би атындағы ауданы бойынша МКБ

3275181162

5

Балқаш қаласы бойынша МКБ

3107891531

6

Жезқазған қаласы бойынша МКБ

9491689601

 

Жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық және кеден мәселелері жөніндегі байланыс орталығы іске қосылды. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс тел. 41-09-42, 41-08-12.

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан (kgd.gov.kz) "жалпыға бірдей декларациялау"бөлімінде алуға болады.

Instagram Facebook аккаунты "Universal_declaration_kz", Facebook парақшасы "ҚР жалпыға бірдей декларациялау" әлеуметтік желілері арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қажет болған жағдайда МКО мемлекеттік органына жеке түсіндіру ZOOM бағдарламасы арқылы түсініктеме беруге дайын.

Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI Қазақстан Республикасы Заңының 45-1-бабы негізінде төрт кезеңде енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00-нысан) табыс ету жылының 31 желтоқсанында болатын келесі жеке тұлғалар табыс етеді:

– жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында анықтама бар, ал мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

- Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап

- заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;

- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап

- қалған санаттағы азаматтар.

 

Декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша ұсынылады:

1) қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей табыс етіледі;

2) электрондық түрде табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей табыс етіледі.

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электрондық түрде – "Салық төлеушінің кабинеті" мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyk azamat мобильді қосымшасы арқылы.

Қағаз жеткізгіште – мемлекеттік кіріс органдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келу тәртібімен, не пошта бөлімшелері арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы