2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі Жұмыс тобымен құрылымдық бөлімшелердің қызметінде Қазақстан Республикасының әртүрлі салық және кеден заңнамасын бұзғаны үшін салық төлеушіні және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны (бұдан әрі – СЭҚҚ) әкімшілік жауапкершілікке тартпау бөлігіндегі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сонымен, осы мәселені және заңнамалық актілерді зерделеу кезінде мыналар анықталды:
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде (бұдан әрі - ӘҚБтК) көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. ӘҚБтК-нің 36-тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ведомстволық бағыныстылығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті айқындалған.
ӘҚБтК-нің 720-бабында мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай - ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша басшы уәкілеттік берген мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкімшілік жазалар қолдануға құқылы болатын баптың тізбесі белгіленген.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған салық төлеушінің және СЭҚҚ әкімшілік жауаптылыққа тартылмауы сомалардың бюджетке толық түспеуіне және мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлері мен салық төлеушілер арасында сөз байласуға әкеп соғуы мүмкін ықтимал. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына өз қалауы бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі берілген, бұл шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетудің алғышарттарын жасайды, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін салық төлеушіге пайдалы сөз байласу жолымен өзінің материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдаланады, сол арқылы салық төлеушіні әкімшілік жауаптылықтан аластатуы мүмкін. Кінәлі адамдарды жауапкершіліктен осындай алып тастау жаңа бұзушылықтар мен бюджетке шығындар фактілерін тудырады.
Департаменттің Жұмыс тобы жүргізген талдау негізінде жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мынадай ұсынымдар берілді: