Төлем карточкаларын (Post-terminal) пайдалана отырып төлем жасау.
Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар "төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР 39-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға міндетті дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдық (құрылғы) болмағаны үшін ӘҚБтК – нің 195-бабына сәйкес-ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.