QR-кодын қолдану арқылы визуалды тексеру.
Салық төлеушілерді әкімшілендіру пилоттық жобасы шеңберінде визуалды тексеру жүргізумен мемлекеттік кірістер органы қалыптастыратын штрих-код (QR-код) пайдаланылады.
Қазақстан Республикасында жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер (бұдан әрі – салық төлеушілер) визуалды тексеру жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, бұл ретте егер жеке немесе заңды тұлға Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін құрылса, салық төлеушілер оны құрған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
Көзбен шолып қарап тексеруді жүргізу салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Шешім Мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында шешімде көрсетілген көзбен шолып қарауды жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3(үш) жұмыс күні бұрын орналастырылады.