Меню

Страницы

Статья

Алдын ала шешемдердің мерзімі мен тәртібі

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 05 қаңтардағы № 407-VI ЗРК Кәсіпкерлік қызметіне және кедендік реттеу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер және қосымшалар енгізу туралы» заңнамасына сәйкес, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «ҚР кедендік реттеу туралы» кодексінің тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау бөлігінде келесі өзгерістер енгізілді.

45-бабының, 2-тармағына үшінші бөлігімен толтырылды «Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау өтініші туралы, электронды құжат түрінде ұсынылған құжаттар, ақпаратты растайтын электронды түрде немесе құжаттардың сканерленген көшірмелері, бірінші бөлікте көрсетілген бесінші және төртінші негізгі тармақтары».

  45- баптың, 3-тармағының бірінші бөлігінде қосымша ақпарат ұсыну туралы сұрау жолдау мерзімі, өтініш берушімен алдын ала шешім қабылдау үшін ұсынылған құжаттармен ақпарат жетпеген жағдайда ақпарат толық көлемде болмаған кезде сұратылатын мерзім 10 жұмыс күнінен ,5 жұмыс күніне қысқартылды.

  46- баптың, 1 тармағына бірінші бөлігінде жаңа редакциясы ұсынылған тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш кеден органында тіркелген күннен он күннен кешіктірмей қабылданады. Сондай-ақ тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім ертеде бірдей атаумен (коммерциялық атауы, фирмалық атауы, (тауарлық белгісі), маркасы, моделі, артикулы және модификациясы) бірдей болған жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау өтініші кеден органында тіркелген күннен бес жұмыс күнінде қабылданады. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау мерзімі 20 жұмыс күнінен, 10 жұмыс күніне өзгертілді.

Сондай-ақ тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім ертеде бірдей атаумен (коммерциялық атауы, фирмалық атауы, (тауарлық белгісі), маркасы, моделі, артикулы және модификациясы) бірдей болған жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау өтініші кеден органында тіркелген күннен 5 жұмыс күнінде қабылданады.

 Қазақстан Республикасының «ҚР кедендік реттеу кодексінің» 410-бабына тармағының келесі өзгерістер енгізілді: тауарды шығарғанға дейін кедендік тексеру жүргізу кезінде ақпаратты немесе құжаттарды тексеру кезінде негізгі баптың 12-19 тармақтарға сәйкес, (мысалы: мәлімделген кедендік құнды қосымша тексеру жүргізу кезінде, тауарларды сыныптау дұрыс емес болғанда) ТД мәлімделген ақпарат жүргізілген тексеруге байланысты емес  қорытындысына әсер етпейтін болған жағдайда жүргізіліп жатқан тексеру анықталған дұрыс декларацияламау жойылғанға дейін тоқтатылады. 

Дата публикации
12 марта 2021
Дата обновления
12 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы