Меню

Страницы

Статья

Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

📦 Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Тауарлардың кедендік құны кедендік баждар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу үшін негіз болып табылады. Сондықтан оның дұрыстығын тексеру кедендік бақылаудың маңызды бағыттарының бірі саналады.

🔎 Бақылау қалай жүзеге асырылады?

Кедендік құн бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру әрбір тауарларға арналған декларация бойынша жүргізілмейді. Кеден органдары қосымша тексеруді қажет ететін тауар жеткізілімдерін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолданады.

⚠️ Қандай жағдайларда тексеру тағайындалуы мүмкін?

Тексеруге мынадай мән-жайлар негіз болуы мүмкін:
▪️ ұсынылған құжаттар арасындағы сәйкессіздіктер;
▪️ мәлімделген құнның бірдей немесе біртекті тауарлардың құнынан едәуір ауытқуы;
▪️ кедендік құнның жекелеген құрамдас бөліктерін растайтын құжаттардың болмауы;
▪️ тасымалдау, сақтандыру шығындарын, лицензиялық төлемдерді және кедендік құнға енгізілуге тиіс өзге де шығыстарды дұрыс есепке алмау.

✅ Қандай жағдайларда тексеру жүргізілмеуі мүмкін?

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында кедендік әкімшілендіруді жеңілдету тетігі көзделген.

Бұрын ұқсас жеткізілім бойынша кеден органы әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны әдісімен (1-әдіс) айқындалған кедендік құнның дұрыстығын растаған жағдайда, сол сыртқы сауда шарты бойынша әкелінетін бірдей тауарларға қатысты тексеру жүргізілмеуі мүмкін.

Бұл үшін төмендегі талаптар бір мезгілде сақталуы қажет:

🔹 тауарлар бұрынғы жеткізіліммен бірдей сыртқы сауда шарты бойынша әкелінуі;
🔹 кедендік құнды айқындаудың 1-әдісі қолданылуы;
🔹 мәміленің тауар бағасы, жеткізу талаптары және есеп айырысу тәртібі сияқты кедендік құнға әсер ететін елеулі талаптары өзгермеуі;
🔹 кедендік құнның мөлшеріне әсер ететін немесе мәлімделген мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіретін жаңа мән-жайлардың болмауы;
🔹 тауарларға арналған декларацияда кедендік құны бұрын расталған жеткізілім туралы мәліметтердің көрсетілуі.

📌 Маңызды!

Тексерудің жүргізілмеуі автоматты түрде кепілдік берілмейді. Егер тәуекелдерді басқару жүйесі ықтимал бұзушылық белгілерін анықтаса немесе мәлімделген мәліметтердің дұрыстығына күмән туындаса, кеден органы тексеру жүргізуге құқылы.

🤝 Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, адал сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және тәуекел факторлары болмаған жағдайда тауарларды кедендік рәсімдеуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
15 октября 2026
Дата обновления
15 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы