Жоспар бойынша 365 499,5 млн.теңге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түскені 367 260,1 млн.теңге, жоспарға пайыз 100,5% құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 126,4% құрады.
Оның ішінде:
Республикалық бюджет бойынша – 91,3% орындалды немесе жоспар 174 541,4 млн.теңге болғанда 159 360,1 млн. теңге түсті, өсуі 138,9%
Жергілікті бюджет бойынша – 108,9% орындалды немесе жоспар 190 958,1 млн.теңге болғанда 207 900,0 млн. теңге түсті, өсуі 118,2%.