«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 29.03.2024 жылғы №114 бұйрықтың негізінде Жұмыс тобы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша олардың туындау себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынымдар әзірлене отырып, талдамалық анықтама қалыптастырылды. Бағыттар бойынша 3 Сыбайлас жемқорлық факторы анықталды:
1) КТС артық төленген сомасын есепке алу/қайтару кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде;
2) Мүлікті тізімдеу актісі түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбаудың бақылау функцияларын іске асыру бөлігінде;
3) акцизделетін өнім айналымын жүзеге асыратын субъектілерге тексеру жүргізу кезінде.
Олардың пайда болу ықтималдығы немесе жиілігі мен әсері тұрғысынан бағалау жүргізілді, тәуекелдер картасы жасалды. Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыруы үшін функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындай отырып, тізбе қалыптастырылды.